Печать
Категория: Иерей Елисей Кукеев
Просмотров: 3558

Иерей Елисей Кукеев Құдай Ұлын Туған Ең Киелі Қыздың дүниеге келуі


Құтқарушының дүниеге келу уақыты жақындаған кезінде, Давид патшаның ұрпағы Иоаким, өзінің жұбайы Анна екеуі, галилейдегі Назарет қаласында өмір сүрді. Ол екеуі де дін тәртібін ұстаушы тақуа адамдар бола тұра, патша ұрпағынан болғандықтарынан емес, өздерінің кішіпейілдіктерінен және мейірімділіктерінен көпшілікке мәлім еді. Олардың бар өмірі Құдайға және адамдарға деген махаббаттыққа толы болды. Олар кәрілік кезге жетті, бірақ балалары болмады. Бұл оларды қатты ренжітті. Бірақ, өздерінің кәрілігіне қарамастан, Құдайдан, оларға бала беруін сұрады. Олар уәде берді, егер нәресте туса, оны Құдайға қызмет етуге арнаймыз деп.

Ол кезде әрбір еврей өзінің ұрпағы арқылы Құтқарушы Христос Мәсіктің патшалығына қатысты болуына үміттенді. Өйткені балалары жоқ әрбір еврей, өзінің күнәсіне бола Құдайдан алған жазалық деп саналып, басқалардан жек көрушілікте болды. Әсіресе, Иоакимге Давид патшаның ұрпағы бола тұра қиын болды, өйткені оның тегінде Христостың туылуы керек еді.
Олардың шыдамдылығына бола, және Құдайға, және бір-біріне деген берік сенімі, және махаббаты үшін, Құдай Ие оларға үлкен қуаныш жіберді. Өмірлерінің соңында Анна қыз туды. Құдай Періштесінің нұсқауы бойынша, оған Мария деген ат берілді, еврей тілінен «Ханым, Үміт» дегенді білдіреді.

Ең Киелі Мария Қыздың туған күні Киелі Православия Шіркеуінің ұлы мейрамдарының бірі болып мерекеленеді. 8-ші қырқүйек күні ескі стилде, ал 21-ші қырқүйек күні жаңа стил бойынша.

Мейрамның тропары

Туған күнің Сенің Құдай Ұлын Туған Қыз, бүкіл әлемге қуаныш әкелді, өйткені Сеннен Христос Құдайымыз біздің, шындық Күні жарқылдады; қарғысты жойып, Ол бізге баталық берді, және, өлімді жойып, бізге мәңгі өмір берді.

Ең Киелі Мария Қыздың храмға кіруі

Мария Қыз үш жасқа толған кезінде, Оның дін тәртібін ұстаушы тақуа ата-анасы өздерінің уәдесін орындауға дайындалды. Олар таныс-туыстарын, қызының құрбы-достарын шақырып, Оған ең жақсы киім кидіріп және көпшілікпен, рухани әндермен, Құдайға арнау үшін Иерусалимдегі храмға шығарып салды. Оның құрбы-достары, Марияның Өзі сияқты қолдарына жанған тік шырақ ұстап храмға келді.
Первосвященник священниктермен бірге ән салып, оларды қарсы ала шықты. Иоаким мен Анна қадірлі тіленіштерімен Марияны храмға кіретін сатының бірінші баспалдағына әкеп қойды. Саты священниктер храмға кірер кезінде әндеткен псаломның санына сәйкес он бес үлкен баспалдақтан тұрды.
Үш жастағы Мария ешкімнің көмегісіз биік баспалдақтардан жоғары көтерілді. Жоғарыда Оны первосвященник күтіп алып, барлық Құдайға арналған адамдарға өзі беретін батасын берді. Одан кейін Киелі Тынның ұғындыруы (иландыруы) бойынша Оны (Марияны) Киелілі-Киелі жерге кіргізді. Бұл жер храмда ең священный жер болды. Ол жерге первосвященниктен басқа ешкімнің кіруіне қақысы болмады, оның өзінде (первосыященник ол жерге) жылына бір рет қана кіре алды. Киелі Тын первосвященникке Марияның таңдамалы жасөспірім қыз екенін, сондықтан ең священный жерге кіруіне тұрақты екенін және Ол (Мария Қыз), адамдарға Аспан Патшасына кіруіне жол ашатын Құдайдың Анасы болуына (Құдаймен) арналағанын ұғындырды.
Иоаким мен Анна өздерінің уәдесін орындап, үйіне қайта оралды, ал Мария храмда өмір сүруге қалды. Ол жерде басқа қыздармен бірге Құдай Заңын және қол шеберлігіне үйренді; көп тіленіштенді, Киелі Жазбаны оқыды және қатаң түрде ораза ұстады.
Құдай храмында Ең Таза Мария он бір жылдай өмір сүріп, терең дін тәртібін ұстаушы, барлығына Құдайға бағынышты, ерекше кіші пейіл және еңбексүйгіш болып өсті.
Ең Таза Мария Өзінің бар өмірін, тек бір Құдайға ғана арнауға шешім қабылдады. Бұл үшін Ол Өзін еш қашанда күйеуге шықпай, әр қашанда Қыз болып қалуына уәде берді.
Құдай Тыны және киелі періштелер Құдайлы жасөспірім Қызды сақтады.


Ең Таза Мария Қыздың храмға кіру мейрамы Киелі Православия Шіркеуінде 21-ші қараша (4-ші желтоқсан күні ж/с) күні мейрамдалады. Бұл күн шіркеу өлеңдерінде Құдай Иенің адамдарға деген келер рақымының хабары деп аталып, ұлы мейрам болып саналады. Осы мейрамнан бастап таңғы қызмет кезінде : «Христос туылды...– өлеңі айтыла басталады.

Мейрамның тропары


Бүгін Құдай рақымының келер ізгі хабары және адамдардың құтқарылуының уағызы. Құдай храмына Қыз салтанатты келіп, бәріне Христосты жариялайды. Біз Оған қатты дауыспен айтамыз: қуан, Жаратушының біз үшін алдын-ала ойлауының орындалуы.

Ең Таза Қыз Иосифте


Мария Қыздың жасы он төртке толған кезінде, Оған заң бойынша храмда қалуына рұқсаты болмады. Оны, әлде ата-анасына қайтарып беру керек, әлде күйеуге шығару керек еді. Свяшенниктер Оны күйеуге шығаруды ойлады, бірақ Мария оларға Өзінің Құдайға берген уәдесін – әр қашанда Қыз боп қалуын айтты. Сонда священниктер Құдайдың ұғындыруы бойынша, Оны сексен жастағы алыс туысы қарт Иосифке, Оған қамқорлық көрсетіп, тазалығын сақтау үшін некелендірді.
Иосиф Назарет қаласында тұрды. Ол да Давид патшаның ұрпағынан болды, бірақ кедей, ағаш шебері жұмысының атқарушысы болды.
Ең Таза Мария Қыз Иосифтің үйінде, храмдағы өміріндей қарапайым, оңаша өмір өткізді. Бос уақытында Киелі Жазбаның кітаптарын оқып, Құдайға тіленіштерін айтты.

Періштенің Предтечаның (Алдын-ала Келердің) дүниеге келуін хабарлауы

Құдай, Малахия пайғамбар арқылы дүниеге Құтқарушы Христостың келу алдында, Предтечаның келуін айтты. Предтеча ұлы пайғамбар болады, ол адамдарға Христостың жақын арада келетінін хабарлап, оларды Құтқарушы Христосты қабыл алуына дайындайды.
Предтечаның дүниеге келуі үшін, Құдай Ең Киелі Мария Қыздың туыстары, дін тәртібін ұстаушы ата-ананы – священник Захария мен оның жұбайы Елисаветаны таңдап алды. Олар қартты жаста болды, бірақ балалары болмады. Олар бар жігерімен Құдайдан бұл бақытсыздықты әкетуін сұрады.
Бір күні Захария Иерусалим храмында Құдайға қызметтік етті. Ол хош иісті шайырды ғибатханаға тұтату үшін кірген кезінде, Құдай Періштесі құрбан шалатын жердің оң жағына келіп тұрды; Захария абыржып қалып, тұла бойын қорқыныш басты.

Періште оған: «қорықпа Захария, өйткені сенің тіленішің естілді: сенің әйелің Елисавета саған ұл туады, оның атын Иоанн деп қойасың. Оның дүниеге келуі көп адамдарға қуаныш әкеледі. Ол Құдай алдында ұлы болып, туған күнінен бастап Киелі Тынның дарындылығы (онда) бола, көп адамдарды Құдай Иеге қаратады. Ол алдын-ала Құтқарушы Құдайдың жол ашары болып, Илия пайғамбардың рухына және күшіне сай бола, адамдарды Құтқарушыны қарсы алуына дайындайды», – деді.
Захария қуаныштан тез арада сене қоймай: «бұның бәрнің орындалуына қалай сенуім керек? Өйткені мен және менің жұбайым екеуміз кәріміз», – деді.
Періште оған жауап бере: «мен – Архангел Гавриилмін, Құдайдың алдында тұрған, және сенімен сөйлесуге жіберілген. Менің сөзіме сенбегенің үшін, бұның бәрі орындалғанша мақау болып сөйлей алмайсың», – деді.
Бұл кезде сыртта тіленіштене, Захарияны күте тұрған халық, оның храмда, ғибатханада кешіккеніне таңданды. Захария ол жерден шығып, халықпен сөйлесе алмай белгілермен түсіндесті. Сонда бар халық, оған ғибатханада көрініс болғанын түсінді. Өзінің қызмет күндері храмда аяқталғаннан кейін, Захария үйіне қайта оралды.
Құдайдың оларға деген үлкен мейірімдігін Елисавета білген кезінде, бұл қуанышты адамдардан кішіпейілдігімен жасырып, Құдайға рахметін айтты.

Ең Киелі Мария Қызға ізгілікті хабар

Періштенің Захарияға келгенінен кейін, алты ай өткеннен соң, сол Архангел Гавриил Құдайдан Назарет қаласына Ең Киелі Мария Қызға, Оны Құдай Ие, дүниенің Құтқарушысының Анасы болуына таңдап алғаны жайында қуанышты хабармен жіберілді.

Мария Киелі Жазба оқып отырған кезінде, Періште әділді Иосифтің үйіне келіп: «қуан Дәулетті (Құдайдың дәулетіне толы – Киелі Тынның дарындылығына толы) Құдай Ие Сенімен! әйелдердің ішінде Сен бата алдың», деді.
Мария Періштенің сөзінен абыржи қалып, бұл сәлемдік нені білдіреді екен – деп ойлады.
Періште сөзін жалғастырып, Оған былай деді: «қорықпа Мария, өйткені Сен Құдайдан дәулет таптың. Сен Ұл туасың, Оның атын Иисус деп атайсың Ол ұлы болып, Құдіретті Құдайдың ұлы аталып, Оның Патшалығы мәңгі болады».
Мария аң-таң бола, түсіне алмай Періштеден: «бұл қалай болады егер мен күйеу білмесем?» – деп сұрады.
Періште Оған бұның құдіретті Құдайдың күшімен істелетінін айтты. «Киелі Тын Сені табады және Тәңірдің күші Сені жабады, (игереді), сондықтан Сеннен туған Құдай Ұлы деп аталады. Міне Сенің туысың Елисавета жасы қартайғанша баласы болмаған, жақында ұл туады; өйткені Құдайда еш сөз орындалмай қалмады», – деді.
Сонда Мария кіші пейілдігімен: «Мен Құдайдың құлымын; Менде сенің айтқаның болсын», – деді.
Архангел Гавриил осыдан кейін Одан қайтып кетті.

Ең Киелі Мария Қызға ізгі хабар мейрамы, Киелі Православия Шіркеуінде 21-ші наурыз (7-ші сәуір ж/с) күні мерекеленеді. Ізгі хабар жақсылық, қуанышты хабарды білдіре, адамзаттың күнәдан және мәңгі өлімнен босатылуының басталғанын айтады.

Мейрамның тропары


Бүгін біздің құтқарылуымыздың басталуы және мәңгіліктен арналған құпияның ашылуы. Құдай Ұлы Қыз Ұлы болды, және Гавриил дәулеттікті хабарлайды. Сондықтан бізде қатты дауыспен Құдай Ұлын Туған Қызға айтамыз: қуан дәулетті, Құдай Сенімен.

Ең Киелі Мария Қыздың игілікті Елизаветаға келуі


Ең Киелі Мария Қыз періштеден, Оның туысқаны, Захарияның әйелі Елисавета жақында ұл туатынын естіп біліп, барып жайын біліп келуіне асықты.
Үйге кіріп, Ол Елисаветаға салем берді. Бұл сәлемді ести, Елисавета Киелі Тынға бөленіп, Марияның Құдайдың Анасы болуына тұрақты болғанын білді. Ол қатты дауыспен: «Сен әйелдердің ішінде бата алдың, және Сеннен Туылатын да бата алған! Менің Құдайымның Анасы келіп, маған бұл қуаныш қайдан келді?», – деді.
Ең Киелі Мария Қыз Елисаветаның сөзіне жауап бере, Құдайды дәріптей былай деді: «даңқтайды жаным Менің Құдай Иемді Менің және рухым Менің Құдайыма, Құтқарушыма Менің қуаныштанды, өйткені Ол Өзінің мейірімді назарын құлының кіші пейілдігіне аударды; осы күннен бастап Мені барлық ұлт дәріптейтін болады. Маған Күшті ұлылық істеді және киелі аты Оның; мейірімділігі Оның рудан руға Оны қадірлейтіндерге...».

Мария Қыз Елисаветаның үйінде үш айдай болып, қайта Назаретке өз үйіне оралды.
Құдай игілікті қарт Иосифке Ең Киелі Мария Қыздан жақын арада Құтқарушының туылатынын айтты. Құдай Періштесі оған ұйқы кезінде келіп, Құдай Иенің Исайя пайғамбар арқылы ол жайында айтқанындай, Мария Киелі Тынның іс әрекеті бойынша Ұл туады (Исайя 7, 14). «Оның атын Иисус (Құтқарушы) деп атайсың, өйткені Ол адамдарды, олардың күнәларынан құтқарады», – деді Періште Иосифке.

Иоанн Предтечаның дүниеге келуі

Игілікті Захария мен Елисаветаға Құдай Анасы келіп кеткенінен кейін, жақын арада Елисавета ұл туды. Құдай Иенің оған деген мейірімділігіне, онымен бірге жақын көршілері де қуанды.

Сегізінші күні иудей заңы бойынша, нәрестеге ат беру керек еді. Жиналған туыстары нәрестені әкесінің атынан Захария деп атайын деді.
Бұған Елисавета айтты: «жоқ, оның аты Иоанн болады». Барлығы қош дауыспен: «сенің тегіңде бұл атпен аталған ешкім жоқ» – деп, әкесінен белгіменен, ұлының атын қалай атайтынын сұрады.
Захария тақтайша сұрап алып, оған: Иоанн оның аты – деп жазды. Барлығы таңданды. Осы сәтте Захарияның тілі ашылып Киелі Тынның ұғындыруы бойынша, Құдайды мадақтай және болашақта Құтқарушының жақын арада келетінін және Иоанның адамдарды Құтқарушыны қабыл алуына дайындап, Оның Жолашары болатынын айтты.
Бұл таңғажайып оқиғаны естігендердің барлығы қадірлі сезіммен және таңдана Иоанн жайында: «бұл нәрестеден не болады екен», – деді.
Құдай Ие нәрестені сақтады, ол өсіп, рухы қатайды. Кейін Иоанн Предтеча, өзінің халқына ашылған күніне дейін шөл далада өмір сүрді.

Христостың дүниеге келуі

Рим билігінің астында болған Иудеядағы Иродтың патшалығы кезінде, Рим императоры Август, оған бағынышты Иудей жерінде бүкіл халықтық санақ жүргізуін бұйырды. Әрбір иудей өзінің ата-бабасы тұрған жерге барып жазылуы керек еді.

Иосиф пен Мария Қыз Давидтің тегінен болды, сондықтан олар Назареттен Давид қаласы Вифлеемге аттанды. Вифлеемге келіп, олар өздеріне үй әлде жатақханада орын таппай, қаланың шетінде қойшылар жауын-шашынды күні мал қамайтын үңгірге келіп тоқтады. Бұл үңгірде (осы) түні Ең Киелі Мария Қыздан Нәресте дүниеге келді – Құдай Ұлы. Дүниенің Құтқарушысы Христос. Мария Нәрестені жаялыққа орап, малға шөп салатын ақырға қойды.
Вифлеем қойшылары Құтқарушының дүниеге келгенін бәрінен бұрын көріп білді. Осы түні олар өздерінің малдарын жазық далада бақты. Бір сәтте олардың алдына Құдай Періштесі келіп, Құдай жарығы оларды жарықтандырды. Қойшылар қорқа түсті.
Періште оларға: «қорықпаңдар мен сендерге, тек сендерге ғана емес, бірақ барлық адамдарға болатын ұлы қуанышты хабарлаймын: енді Давид қаласында (Вифлеемде) Құтқарушы Христос Құдай дүниеге келді. Міне сендерге белгі: Нәрестені сендер ақырда жаялықта оралып жатқанын табасыңдар», – деді.

Періште бұны айтқаннан кейін, кенеттен онымен бірге, оның қасында көп періштелер пайда болды. Олар Жаратқан Иені мадақтай ән айтты: «жоғарғыдағы Құдайға даңқ және жерге тыныштық, адамдарға ізгілік».
Періштелер ғайып болғаннан кейін малшылар бір-біріне: «Вифлеемге барып, ол жерде не болғанын көрейік, Құдайдың бізге хабарлағанын», – деді.
Олар асыға үңгірге келіп, ол жерде Марияны, Иосифті және ақырда жатқан Нәрестені көрді. Олар нәрестеге бас иіп табынып, періштелерден көріп, естігендерін айтты. Мария олардың барлық сөздерін жүрегіне (жанына) сақтады.
Осыдан кейін малшылар Жаратқан Иені мадақтай және көріп естігендерінің бәріне ризашылығын білдіріп, өздерінің табындарына қайта оралды.

Құтқарушының туылған күнінен кейін, сегіз күн өткеннен соң, Оның Анасы Иосиф пен бірге, заң бойынша, Құдайдың періште арқылы нұсқалаған Иисус деген атын атады.

Біздің Иисус Христос Құдайымыздың туған күні Православия Шіркеуімен 25-ші желтоқсан (7 қаңтар ж. ст бойынша) мейрамдалады. Бұл ұлы мейрамға біз өзімізді, Рождественский (Туылған күнді) ораза деп аталатын қырық күнді оразамен дайындаймыз. Христостың Туған күнінің қарсаңы сочельник деп аталады, өйткені бұл күні шіркеудің жарғысы бойынша көкнәр жеу керек, яғни жарманы балмен, оның өзінде кешке қарай, аспанда бірінші жұлдыз көрінгеннен кейін.


Мейрамның тропары

Туған күнің Сенің Христос Құдайымыз біздің, дүниеге жарықты танытты (яғни шын Құдайды танытты): ол арқылы (яғни туылу арқылы) жұлдызға қызмет еткендер, жұлдызбен Саған, шындық күніне табынуды үйренді және Сені шығыс жоғарысынан көріп білді, Құдай Ие, даңқ Саған.

Жұлдыздарға қызмет еткендерге ғаламаттар ұғынылады, олар жұлдыздарды зерттеп, оларға табынды; Сені көру – Сені білу; шындық Күні және Шығыстың жоғарғысынан деген, адамдарды Өзінің ілімімен жарықтандырған Иисус Христос.

Мейрамның кондакы
Бүгін Қыз барлық тіршілік еткендерден жоғарғыны туды, және жер Беріктіге үңгір берді; періштелер қойшылармен Құдайды мадақтап тұр, ғаламаттар жұлдызбен саяхаттап жүр; өйткені біз үшін мәңгі Құдай, Нәресте туылды.

Кондак – мейрамның оқиғасының мазмұны бар қысқа өлең.
Продолжение следует…

Перевод Священника Елисея Кукеева


[1] На утренней богослужении

Нравится